21 қаңтардағы саудада доллар құлдырады

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 16:03 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге төмендеп, 527,58 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 72,70 теңгеге (+0,28) көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 525,5-528,9 теңге, еуро 543-548 теңге, рубль 5,13-5,25 теңге аралығында сатылуда.

21 қаңтардағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы аздап төмендеді.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,01%-ға төмендеп, барреліне 80,14 долларды құрады.

Ал West Texas Intermediate мұнайының наурыз айындағы қызу саудаланған келісімшарты 0,78%-ға төмендеп, барреліне 76,79 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 529,99 теңге, еуроны 546,63 теңге, рубльді 5,21 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: