Қазақстанда инфляция жеделдеді: нелер қымбаттады және қаншалықты өсті

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5% құрады (2025 жылғы қаңтарда – 1,1%). Ақылы қызметтер – 2,1%, азық-түлік тауарларының бағасы – 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы келесідей өсті:

Мұнымен қоса, монша қызметтері – 2,1%, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері – 1,9%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3% қымбаттады.

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі:

Бағаның төмендеуі апельсинге – 2,2%, күрішке – 1,4%, жұмыртқаға – 1,2% қарақұмық жармасына 1% байқалды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5%, автомобильдерге – 1,3%, құрылыс материалдарына – 1,1%, киім мен аяқ киімге 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5% қымбаттады.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында – әрқайсысында 0,7%-дан тіркелді.

Сурет: stat.gov.kz

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3%, азық-түлік емес тауарлар – Маңғыстау облысында 2,5%, ақылы қызметтер – Астана қаласында 4% өсті.

Сурет: stat.gov.kz

"2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5% жоғарылады",- делінген ақпаратта.

2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда:

Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері – 20%, ұялы байланыс қызметтері – 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 18,4%, сәлемдемелер жіберу – 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5% қымбаттады.

Ноутбуктің бағасы – 67,2%, ас үй пеші – 55,4%, сымсыз құлаққаптар – 47,7%, планшет 46,8% қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға – 33,2%, канефронға 26,9% байқалды. Азық-түлік ішінде картоп – 62,1%, пияз – 27,3%, қырыққабат – 20,2%, сарымсақ – 18,3%, қызылша 15,2% қымбаттаған.

Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде – 20,4%, сәбіз – 6,6%, күріш – 5,7%, жұмыртқа 5,3% арзандаған.

Бұған дейін Қазақстанда жұмыс уақыты қалай реттелетіндігі және үстеме жұмысқа ақы қалай төленетіндігі жайлы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз