Қазақстанда жұмыс уақыты қалай реттеледі және үстеме жұмысқа ақы қалай төленеді

Маманның айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің 68 бабына сәйкес қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Ал, 79 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген мерзімінің есебін жүргізуге міндетті. Жұмыс істеген және істемеген уақыт есепке алынуы тиіс. Бұл ретте, үстеме жұмыс уақыты, түнгі уақыттағы жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс, сондай-ақ іссапарға кеткен уақыт бөлек ескеріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 78 бабына сәйкес үстеме жұмыс тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда еңбек жағдайлары, зиянды және қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыс айына он екі сағаттан, ал айына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс. Бұл сағаттар жұмыскерге жоғары мөлшерлеме арқылы жүргізіледі.
Бұған дейін Мәжілісте жасанды интеллект туралы заң жобасы таныстырылғардығы хабарланған болатнын.