21 мамырдағы сауда барысында доллар бағамы төмендеді

Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 21 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,04 теңгеге төмендеп, 510,59 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,36 теңгеге (-0,03) түсті.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,96 теңге (+0,01) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 510,5-513 теңге, еуро 578,5-583,5 теңге, рубль 6,23-6,35 теңге аралығында сатылуда.

21 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы шілде фьючерстерінің құны 0,74%-ға өсіп, барреліне $66,26 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 1,47%-ға өсіп, барреліне 62,94 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 511,59 теңге, еуроны 575,28 теңге, рубльді 6,33 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды