Қазақстанда бір ай ішінде қандай азық-түлік түрлерінің бағасы арзандады

Сурет: freepik
Тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте азық-түлік тауарларының ішінде пияз 15,6%, картоп 10,3%, қызылша 9,5%, қырыққабат 9,3%, сәбіз 9%, жүзім 6,6%, қызанақ 5,9%, лимон 5,3%, алма 4,8%-ға арзандады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда мына тауарлар мен қызметтер құны арзандаған:

Дегенмен ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның қымбаттауы ас содасына (2,8%), кофе (2,6%), апельсин (2,5%), жарма өнімдері (1,5%), консервіленген жемістер (1,2%), дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға (1,1%) қатысты орын алды.

"Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қыркүйекте фотоаппарат бағасы 0,7% төмендесе, керісінше неке сақинасы 4,3%, қол сағаты 2%, цемент 1,4% қымбаттады. Киім-кешек пен аяқ киімге, тұрмыстық құралдарға, жуу және тазалау құралдарына баға деңгейі 1,1%, жеке пайдалануға арналған тауарларға 0,9%-ға өсті", делінген хабарламада.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 0,9%, шаштараз қызметтері – 0,7%, спорт залдар қызметі 0,3% өскен. Кепкен жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады. Ас үй құралдары, электродрель бағасының деңгейі 6,4%, электр шамы да 4,8%-ға өсті.

"2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда аяқ киім жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 9,4%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 6,9%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10,3%-ға, тренажер залдары 9,5%-ға қымбаттады. Жалпы, 2025 жылғы қыркүйекте айлық инфляция деңгейі 1,1% құрады". ҚР Ұлттық статистика бюросы

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрағаны да нақтыланады.

Бұған дейін қазан айында қандай салықтар мен төлемдерді төлеу қажеттігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды