Салықтық күнтізбе: қазанда қандай салықтар мен төлемдерді төлеу қажет

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 10:45 Фото: freepik
2025 жылдың қазан айында салықтық есептілікті тапсырудың, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеудің маңызды мерзімдері белгіленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға арналған мүлік салығын қоса алғанда, салықтық міндеттемелерді уақытылы орындау қажеттігін еске салады.

Атап айтқанда, 15 қазанға дейін тапсыру қажет:

  • 400.00, 421.00 нысандары – акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп (тамыз үшін).

20 қазанға дейін:

  • 328.00 нысаны – тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қыркүйек үшін).

Сонымен қатар, 1 қазанға дейін төлеу қажет:

  • Жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған мүлік салығы.

20 қазанға дейін:

  • ЕАЭО бойынша ҚҚС (қыркүйек 2025 жылға);
  • акциз, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан әкелінген тауарлар бойынша (қыркүйек 2025 жылға).

28 қазанға дейін:

  • КТС (корпоративтік табыс салығы) – қазан айына аванстық төлемдер;
  • КТС, ЖТС (жеке табыс салығы), төлем көзінен ұсталған (қыркүйекте төленген кірістерден);
  • КТС, ЖТС қыркүйекте төленген кірістерден;
  • Арнайы мобильді қосымшаны қолданатын СНР негізіндегі жеке кәсіпкерлер кірістерінен ЖТС (қыркүйек үшін);
  • радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және халықаралық телефон байланысын ұсыну, ұялы байланыс, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
  • әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары мен аударымдары, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, қосымша міндетті зейнетақы жарналары, шартты-жинақтаушы жарналар (қыркүйек үшін).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: