Сүлейменов: 20%-дан жоғары мөлшерлемемен ипотекаға тыйым салу ұсынылып отыр

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 10 қазан 2025 жылы жылдық 20%-дан жоғары мөлшерлемемен ипотека беруге тыйым салу бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, түпкілікті шешім қараша айында қабылданады.

"Бізде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлескен ұстаным бар — 20% жеткілікті деңгей деп санаймыз. Егер банктер ипотеканы 25%-бен сатқысы келсе, оған жол берілмейді. Себебі кейде азаматтар өздеріне түсетін ауыр қаржылық жүктемені толық бағамдай алмайды. Сондықтан 20%-дан төмен мөлшерлеме ұсынатын банктер жұмыс істей алады, ал жоғарысын қойғандар, бәлкім, клиенттерінен айырылып қалуы мүмкін", — деді Сүлейменов.

Ол жылдық тиімді сыйақының шекті мөлшерлемесі деген түсінік бар екенін түсіндірді. Бұл көрсеткіш Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен шешімімен бекітіледі.

"Қаржы ұйымдары белгіленген шектен жоғары мөлшерлемемен несие бере алмайды. Біз ипотекалық қарыздар бойынша тәуекел мен қаржылық тұрақтылықты, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды ескере отырып, 20% деңгейін орынды деп таптық. Себебі ипотека 20%-дан жоғары болса, бұл азаматтар үшін тым ауыр. Мысалы, 10–15 жылға осындай мөлшерлемемен несие алса, артық төлем орасан болады", — деді Ұлттық банк төрағасы.

Сүлейменов атап өткендей, 20%-дан жоғары мөлшерлемелі ипотека — өте ауыр қаржылық құрал, сондықтан оған жеке және отбасы жауапкершілігі тұрғысынан мұқият қарау қажет.

Сонымен қатар ол Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге ипотека беруді тоқтату жөнінде ешқандай нұсқау бермегенін айтты.

Қазақстан
Сүлейменов Тимур

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты