Қазақстан Ұлттық банкі жаңа монеталарды айналымға шығарады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі "Айрықша оқиғалар мен тұлғалар" сериясынан шыққан ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL атты коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монетарлық реттеушінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коллекциялық монеталарды сату 2025 жылғы 15 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монетасы туралы

Монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысқан Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған. Монетаның дизайнында батыр қыздың портреттік бейнесі бейнеленген.

Ұлттық банк мәліметінше, монеталар мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 миллиметр, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 200 теңге, таралымы 10 000 дана.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

"Барлық номиналдағы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында өз атаулы құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына аудару, айырбастау және размен жасау үшін қабылдануға міндетті", – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Айта кетейік, 2025 жылдың 14 тамызында Ұлттық банк "ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ" атты коллекциялық монетаны да айналымға шығарған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды