Сатушы кейбір дүкенде карта емес, QR-мен төлем жасау неге талап етілетінін айтты

Сурет: pexels
Еліміздегі көкөніс дүкендерінің бірінің сатушысы кассадағы төлемге қатысты қарапайым адамдар бажайлай бермейтін мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұрын дүкенге барып, касса алдына барғанда сатушы: "Сізде карта ма, әлде QR ма" деп сұраса, кәдімгідей жыным келетін. Көбіне, картаны сипай салған жақсы ғой. Қазір өзімнің көкөніс дүкенім бар. Сатушылардың неге бұлай сұрайтынын енді түсіндім. Жаныңыз ашыса, картаңызды ала жүгірмеңіз. Тіпті, Каспий терминал өз картасынан 1,29% комиссия ұстайды, ал Халық пен Форте өзге банк карталарынан 0,8% алады. Сондықтан Каспий арқылы төлем жасасаңыз, онда тек QR-ды қолданғаныңыз абзал. Ал карта болса, алдымен бұл туралы сатушыға ескерткен жөн", деп жазады Threads желісінің gulim_bazylkyzy деген қолданушысы.

Сондықтан, ол кассир QR арқылы төлем жасауды сұрағанда тұтынушы жағдайын қиындатайын деп емес, өзі үшін ай барысында үлкен сомаға айналатын 0,34% пайызды үнемдеуге тырысатынын айтады.

Мамандар дүкенде картамен төлем жасауда 1,29%, ал QR-да 0,95% комиссия ұсталатынын айтады.

Halyk Finance басқармасы төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов көп жұрт әуес, маркетплейстер ұсынатын бөліп төлеу тетігінің қымбатшылыққа зор әсері барын айтты. Онымен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды