Мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды: сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді

Мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды: сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 20:24 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 29 қараша сағат 20:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші мынадай:

  • Астана қаласы – 42,92%;
  • Абай облысы – 68,22%;
  • Ақмола облысы – 56,08%;
  • Ақтөбе облысы – 75,69%;
  • Алматы облысы – 60,41%;
  • Атырау облысы – 54,16%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;
  • Жамбыл облысы – 61,92%;
  • Жетісу облысы – 74,09%;
  • Қарағанды облысы – 56,42%;
  • Қостанай облысы – 57,14%;
  • Қызылорда облысы – 71,58%;
  • Маңғыстау облысы – 61,86%;
  • Павлодар облысы – 60,23%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%;
  • Түркістан облысы – 77,58%;
  • Ұлытау облысы – 54,61%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%;
  • Алматы қаласы – 37,70%;
  • Шымкент қаласы – 44,72%.

Дауыс беру көрсеткіші ең жоғары Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 77,58 пайызы дауыс берген. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 37,70%.

Еске салайық, 29 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: