Мәслихат депутаттарын сайлау: Қазақстан халқының 53,86%-ы дауыс берді
Фото: Zakon.kz
29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86%-ы дауыс берген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші мынадай:
- Астана қаласы – 39,91%;
- Абай облысы – 63,02%;
- Ақмола облысы – 53,16%;
- Ақтөбе облысы – 66,19%;
- Алматы облысы – 56,25%;
- Атырау облысы – 51,17%;
- Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;
- Жамбыл облысы – 56,31%;
- Жетісу облысы – 68,03%;
- Қарағанды облысы – 53,42%;
- Қостанай облысы – 54,15%;
- Қызылорда облысы – 67,36%;
- Маңғыстау облысы – 56,17%;
- Павлодар облысы – 55,89%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;
- Түркістан облысы – 69,84%;
- Ұлытау облысы – 51,53%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%;
- Алматы қаласы – 33,73%;
- Шымкент қаласы – 40,23%.
Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 69,84%-ы дауыс берген. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматыда – 33,73%.
Айта кетейік, сайлау 228 мәслихатта өтеді. Оның ішінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихат бар.
Еске салайық, бұған дейін 29 қарашада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript