Сайлаушылардың 53,12%-ы дауыс берді: ОСК жаңа деректі жариялады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан сайлаушылардың 53,12 пайызы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОСК дерегіне сәйкес, осы уақытқа дейін 6 696 002 азамат бюллетень алған.
Өңірлер бойынша дауыс беру белсенділігі төмендегідей:
- Астана – 40,92%;
- Абай облысы – 63,07%;
- Ақмола облысы – 61,15%;
- Ақтөбе облысы – 60,87%;
- Алматы облысы – 54,57%;
- Атырау облысы – 54,49%;
- Батыс Қазақстан облысы – 50,21%;
- Жамбыл облысы – 50,58%;
- Жетісу облысы – 62,89%;
- Қарағанды облысы – 62,79%;
- Қостанай облысы – 55,86%;
- Қызылорда облысы – 64,22%;
- Маңғыстау облысы – 50,65%;
- Павлодар облысы – 54,01%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 58,63%;
- Түркістан облысы – 57,72%;
- Ұлытау облысы – 53,31%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 61,10%;
- Алматы – 30,36%;
- Шымкент – 55,32%.
Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді – 64,22%. Ал ең төмен дауыс беру белсенділігі Алматы қаласында – 30,36%.
Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі мәлімет сағат 16:00-де жарияланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript