ОСК Құрылтай сайлауына Қазақстан Халық партиясының партиялық тізімін тіркеді
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 2026 жылғы 20 шілдеде Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын Халық партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ОСК мүшесі Әсел Жанәбілованың айтуынша, Қазақстан Халық партиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған.
"Қазақстан Халық партиясының партиялық тізіміне 72 адам енгізілді. Оның ішінде 30 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар. Бұл жалпы тізімнің 41,7 пайыздан астамын құрайды. Белгіленген квота талаптары сақталды. ОСК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексерді. Партиялық тізімге енгізілген барлық азаматтар аталған талаптарға сәйкес келеді", – деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады. Себебі партия 2023 жылғы 19 наурызда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 5 пайыздан астам дауысын иеленген.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" партиясының партиялық тізімін тіркеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript