Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 17 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты.

Оның сөзінше, қала әкімдігінің басты міндеті – алматылықтардың тұрмыс сапасын жақсарту.

"2025 жылы қалада 92 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 87 пайызы – тұрақты жұмыс орындары. Жұмыспен қамтылғандардың 64,7 пайызы шағын және орта бизнес саласына тиесілі, ал 35,3 пайызы әкімдік жүзеге асырып жатқан салалық және инфрақұрылымдық жобалар аясында ашылды, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды Алматы тұрғындарының орташа айлық жалақысы 539 мың теңгені құрағанын хабарлады. Бұл көрсеткіш атаулы түрде 14,5 пайызға өсіп, республика бойынша орташа деңгейден 29 пайызға жоғары. Әкім бұл деректер ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жасалғанын атап өтті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды