29 қаңтардағы саудада доллар арзандады

Фото: freepik
2026 жылғы 29 қаңтарда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 503,17 теңгені құрап, 0,77 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы да арзандап, 6,58 теңге болды (-0,02). Ал Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,54 теңгені көрсетіп, 0,12 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде доллар 502,5–504,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы 600,8–605,4 теңге, рубль 6,49–6,61 теңге аралығында.

29 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі 2,41%-ға қымбаттап, барреліне 70,05 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерсі 2,61%-ға өсіп, барреліне 64,86 долларға жетті.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,9 теңге, еуроны 603,32 теңге, рубльді 6,61 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін