Алтынның бағасы соңғы екі айдан бері алғаш рет төмендеді

Фото: pexels
Тамыз айына арналған алтын фьючерстерінің құны бір трой унциясы (шамамен 31 грамм) үшін 4300 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының сауда деректеріне сүйеніп жазуынша, бағалы металдың бағасы 4291 долларға дейін төмендеген. Бұл – 2026 жылғы 23 наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Алтын құнының төмендеуіне бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, әлемнің жетекші орталық банктерінің алдағы ақша-несие саясатына қатысты күтілімдердің қайта қаралуы негізгі себептердің бірі болып отыр.

Сондай-ақ бағаның құлдырауына биржалық инвестициялық қорлардан (ETF) қаражаттың әкетілуі, инвесторлардың пайдасын тіркеуі және кейбір мемлекеттік қорлардың бюджет тапшылығын жабу мақсатында алтын сатуына байланысты қысым әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін интернет-дүкендер қызметін қолданушы ел азаматтарына жағымды жаңалық жеткізілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады