Несиелер бойынша қарызы бар қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды

Фото: pixabay
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп Тұтынушылық кепілсіз кредиттер бойынша берешекті реттеуге арналған Finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, цифрлық платформа медиация тәртібімен "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша банк және микроқаржы омбудсмандары негізінде бүгіннен, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.

Платформа кімдерге арналған

Жаңа сервис бір уақытта бірнеше кредитор – банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер алдында тұтынушылық кепілсіз кредиттер, яғни мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға арналған.

Енді қарыз алушыға берешекті реттеу мәселелері бойынша әрбір кредиторға жеке-жеке жүгіну қажет болмайды. Платформада олардың алдында міндеттемелері бар барлық кредитор қарайтын бір өтініш беруге болады.

Медиатордың қызметтерін қоспағанда, қарыз алушының ұжымдық реттеу рәсіміне қатысуы тегін. Бұл ретте 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін медиатордың қызметтеріне төленетін шығыстар банк және микроқаржы омбудсмандарының есебінен өтелетін болады.

Finkelisim.kz платформасы қарыз алушының барлық кредитор алдындағы берешегі туралы мәліметтерді автоматты түрде жинайды және жолданымды қарауға қажетті ақпаратты қалыптастырады.

Жолданымды қарау және кредиторлармен талаптарды келісу нәтижелері бойынша қарыз алушыға 5 жылға дейінгі мерзімге, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге берешекті өтеудің бірыңғай кестесі ұсынылуы мүмкін.

Платформада кімдер өтініш бере алады

Платформада өтінішті бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыз алушы бере алады:

Бұл ретте ұжымдық реттеу рәсіміне мынадай қарыздары бар қарыз алушылар қатыса алмайды:

Платформада қарыз алушының өтінішін қарау рәсімі қалай өтеді

  1. Ең алдымен қарыз алушы өзінің жеке басын растау және бөгде адамдардың өтініш беруін болдырмау үшін платформада тіркеуден, соның ішінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Осыдан кейін берешекті реттеуге өтініш беруге болады.
  2. Бұдан әрі платформа кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушының ұжымдық реттеу шарттарына сәйкес келетіндігін автоматты түрде тексереді.
  3. Егерқарыз алушы белгіленген шарттар мен өлшем шарттарға сәйкес келсе, платформа реттеу аясына енгізілуі мүмкін кредиттер тізімін жасайды және бұл ақпаратты кредиторларға жібереді.
  4. Кредиторлар қарыздар бойынша мәліметтерді тексереді және берешек мөлшерін растайды. Осыдан кейін платформада қарыз алушыға қол қою үшін құжаттар жіберіледі: омбудсманның шешімі бар хаттама, қарызды өтеудің бірыңғай кестесі, медиатормен шарт, сондай-ақ әрбір кредитор мен медиативтік келісімдер.
  5. Қарыз алушы ұсынылған шарттармен танысып, платформада 72 сағат ішінде құжаттарға қол қоюға тиіс. Егер осы мерзімде құжаттарға қол қойылмаса, бұл реттеу рәсіміне қатысудан бас тарту болып саналады.
  6. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін кредиторлар реттеу рәсіміне енгізілген кредиттер бойынша берешекті өндіріп алуды тоқтата тұрады.
  7. Бұдан кейін қарыз алушы бірыңғай кесте бойынша төлемдерді енгізеді, ал платформа ақшаны берешек мөлшеріне теңбе тең кредиторлар арасында бөледі.

Ұжымдық реттеу рәсімін қолдану және оның аяқталуы туралы ақпаратты кредиторлар кредиттік бюроларға жіберетін болады.

Егер қарыз алушы қол қойылған келiсiмдердiң шарттарын орындамайтын болса, кредитор төлемдердiң 40 күн мерзiмi өткеннен кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берешектi өндiрiп алуға құқылы.

Бұл ретте қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қайтадан қатысуына жол берілмейді.

Кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға мүмкiндiгi жоқ қарыз алушылар "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде соттан тыс банкроттық рәсiмiн қолдануға өтiнiш беру туралы мәселенi қарауға құқылы.

Берешекті өтеудің бірыңғай кестесі қалай қалыптастырылатын болады

Бірыңғай кесте қарыз алушының берешегінің жалпы сомасын ескере отырып қалыптастырылатын болады.

Жалпы шарттарда қарыз алушылар үшін:

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін неғұрлым жеңілдетілген жағдайлар көзделген:

Бұған дейін жаңа Салық кодексінде қаралған мүлікті сату бойынша енгізілген ережелер жайлы толығырақ жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды