Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еңбек ардагерлеріне, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне, сондай-ақ іскерлік орта өкілдеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Қазақстан тарихындағы айтулы күн. Тәуелсіздік – мемлекеттіліктің берік негізі, еркіндіктің, тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің символы. Біздің тәуелсіздігіміз әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, әрқайсымыздың дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымыздың арқасында нығая түседі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин
Үкімет басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанда маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар табысты жүргізілгенін атап өтті.
Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған стратегиялық бағытты табысты жүзеге асырып келеді. I дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Нығматжан Есенғарин, III дәрежелі «Барыс» орденімен Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова марапатталды.
«Парасат» орденімен денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова, төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Ғалымжан Пірматов, Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Сайлаухан Райымбеков марапатталды.
II дәрежелі «Достық» ордені «Сине Мидас Строй» ЖШС бас директоры Ахмет Буданға, «Kazpi.KZ» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзеге, «Проммашкомплект» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Сергей Павлингерге, «Тодини Централ Азия» ЖШС директоры Фабио Алманьоға, «Алсим Аларко Санайи Тесислери ве Тиджарет» АҚ вице-президенті Аббас Шахинға берілді.
«Құрмет» орденімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі Арман Шаққалиев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, сыртқы істер министрінің орынбасарлары Алмас Айдаров пен Ерлан Әлімбаев, қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин, әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенев, Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина және Премьер-министр кеңсесінің бірқатар қызметкері марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, энергетика вице-министрі Жанат Жахметова, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам ісі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова және министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Премьер-министр кеңсесінің басқа да қызметкерлері марапатталды.
ҚР Құрмет грамотасымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Зүлфия Құдайбергенова және Премьер-министр кеңсесінің бірқатар қызметкері марапатталды.