Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 22 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Метеорологтардың ақпараты бойынша, 22-23 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында боран, көктайғақ, ал оңтүстік-батысында тұман түседі.

Сонымен қатар, желдің күшеюі болжанады.

СҚО-да 22 желтоқсанда түнде, күндіз облыс аумағының басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды, 23 желтоқсанда түнде өңірдің басым бөлігінде, күндіз шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с жетеді. "Қазгидромет" РМК

Петропавлда 22 желтоқсанда күндіз және 23 желтоқсанда түнде синоптиктер бұрқасын, көктайғақ болады деп болжап отыр. 22-23 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

22 желтоқсан күні таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні күндіз 15-20 м/с құрайды, таулы аймақтарда оның қарқыны 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с жылдамдықпен үдейді.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Түркістанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында – тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, батыстан, солтүстіктен, облыс орталығынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағандыда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жезқазғанда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында – көктайғақ, тұман. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылордада таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

22 желтоқсанда Ақмола облысының батысы мен шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. "Қазгидромет" РМК

Көкшетауда көктайғақ болады.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстікте, солтүстік-батыста боран болады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Түнде басым бөлігінде, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында – тұман, көктайғақ.

Ақтөбеде түнде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде, облыстың орталығы мен солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында боран соғады. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойысқан жел өңірдің оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Қостанайда 22 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Қарағанды Павлодар Қостанай Қазақстан Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: