«АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысында кінәрат көп

Сурет: facebook.com/AMTemirtau
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің мәлімдеуінше, «АрселорМиттал Теміртау» зиян қалдықтарды шығаруды азайту жөніндегі талаптарды орындамаса, келесі жылы экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz

Олқылықтарды жоймаса, «АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысына шектеу қойылуы мүмкін.

Қысқаша айтқанда, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» алдына нақты шарттар қойдық: ластаушы заттар шығындысын азайту жөніндегі талаптарымыз орындалмаған жағдайда, компания келесі жылға экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін.ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Биыл кәсіпорында өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін бұзудың екі мыңнан аса жағдайы анықталған.

2020 жылы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында барлығы 32 тексеру ісі жүргізілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 19 миллион теңге көлемінде 24 әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, мамандар сотқа 34 қауіпті өндірістік нысандар мен техникалық құрылғыларды пайдалануды тоқтата тұру туралы талап-арыз жіберген, бұл жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды