Алматы облысында тағы бір республикалық маңызы бар тас жол жабылды

Сурет: pixabay
Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы бір республикалық жол жабылды, атап айтқанда, Алматы – Қорғас тас жолы, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 12:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, нөлдік көріну) Алматы – Қорғас республикалық маңызы бар автожолы (24-140 шақырым, Арман кенті – Шелек ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан кейінге қалдыруды сұрайды.

Бұған дейін 25 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында Алматы – Қорғас автожолының 134 шақырымында ауа райының қолайсыздығынан 17 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны белгілі болды.

"Қазгидромет" РМК 25 желтоқсанда Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ болуы мүмкін екенін, желдің күшейіп, республикамыздың кей жерлерінде тұман түсетінін хабарлады.

Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды