Парламент сенаты депутаттарының бастамасымен әзірленген бұл заң жобасы жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталып отыр. Жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы да қатысты.
Сенаторлардың өңірлерге барған сапарлары мен халықпен кездесулері барысында бірқатар елді мекендерде ауыл тұрғындарына жайылымдық жерлердің жетіспейтіні, қолда бар жерлердің тозуы және пайдаланылатын аумақта мал басын көбейтудің шектелуі мәселелері бірнеше рет көтерілді. Сенаторлардың бастамасымен жасалған өзгерістер – осы мәселелерді де реттеуге бағытталған.ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметі
Ауыл шаруашылығы министрлігі де мұның өзекті мәселе екенін айтты.
Мекеменің статистикасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталатын 6,2 млн ауыл шаруашылығы малының басын шартты түрде жаю үшін 50 млн га жайылым қажет, яғни есептеулер бойынша жайылымдардың жетіспеушілігі 29 млн га құрайды.
ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге қатысушылар, сондай-ақ Орта Азия елдеріндегі жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша тәжірибесін қолданудың келешегін талқылады. Мысалы, заң жобасында жайылымдарды басқарудың институционалдық негіздерін қайта қарау, атап айтқанда, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарынан жайылымдарды пайдалану мәселелерін шешу жөніндегі құзыретті ауылдардың, ауылдық округтердің және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беру көзделіп отыр.