Нұрлан Қылышбаев ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Қылышбаев Қазақстан Республикасы ЭҚМБ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев 1971 жылы 1 маусымда Талдықорған қаласында туған.

Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Талдықорған – Нижний Новгород» сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

1994-1996 жж – Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері.

1996-1997 жж - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарындағы қызмет.

1997-1999 жж - Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі.

1999-2004 жж - кеңесші, Жамбыл облысы әкімі аппаратында маман, бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі, Тараз қаласы.

2004-2010 жж - коммерциялық ұйымның президенті.

2010-2013 жж Алматы облысының табиғи ресурстар басқармасында, Талдықорған қаласында басшылық қызметтерді атқарған.

2013-2016 жж - Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының әкімі.

2016-2017 жж – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

2017 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында Нұрлан Қылышбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: