Шымкентте ұлын саудалаған көпбалалы ана сотталды

Фото: Zakon.kz
Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Otyrar.kz таратқан ақпаратқа сәйкес іс материалдары бойынша 32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол өз танысына мәлімдеген.

Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.

Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған.Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов.

Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарыпты. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.

Бұдан бөлек тағы да бір ана өз баласын сатқан. Ерлі зайыптылар бесінші балаларын бақуатты отбасыда өмір сүргенін қалапты. Осылайша келісім бойынша сатып жіберген. Арада аз уақыт өткенде баланың биологиялық анасы баласын қайтарып алғысы келген. Бірақ асырап алған отбасы баланы қайтарудан бас тартқан. Ал анасы полицияға шағымданған.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін