«ҚазАқпарат» ХАА президенттің телерадиокомпаниясына беріледі

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі АҚ атауын өзгерту туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын», – делінген құжатта.

Мұндай шешім 2021 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының тапсырмасы бойынша іске асып отыр. Яғни «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ желілік басылымын жаңғырту аясында қабылданды. Онда ҚазАқпарат ХАА Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешеніне беру айтылған.

Осыған байланысты «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамын «Qazcontent» акционерлік қоғамы деп өзгерту қажет», – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.

Қаулы жобасы 18 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Бүгінгі таңда «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ 8 ақпараттық-тақырыптық ресурстарды біріктіреді:

inform.kz сайтындағы ақпараттық агенттік;

baigenews.kz ақпараттық агенттігі;

bag.kz ақпараттық агенттігі;

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің primerminister.kz ресми сайты;

adebiportal.kz әдеби порталы;

e-history.kz «Қазақстан тарихы» интернет жобасы;

el.kz ақпараттық-білім беру порталы;

kaztube.kz бейне порталы.

Еске сала кетейік, 2020 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі АҚ «Қазконтент» АҚ қосылу арқылы қайта құрылды.

«ҚазАқпарат» ХАА – еліміздегі ең бірінші ақпарат агенттігі. Ол 1920 жылы тұңғыш қазақ ақпарат агенттігі «РОСТА-ның» Орынбор-Торғай бөлімшесі болып құрылды. Кейіннен ол ҚазРОСТ деп аталды.

1937 жылы агенттік ҚазТАГ атауымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарамағына берілді. Ал 1997 жылы «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазIAG)» РМК-да болды.

2002 жылы агенттік негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылып, кейін ол «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің құрамына енді.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі ЖШС 2013 жылы пайда болып, бірнеше рет қайта құрылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: