Алматыда 12 см қар жауды

Сурет: Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы
7 ақпан күні сағат 02:00-де Алматыда қар жауа бастады. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша қалада 5-12 см, тау етегі мен таулы аймақтарда 10-15 см қар жауды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы қаладағы қар тазалау жұмыстары туралы ақпарат берді.

Қар жауа бастағаннан бері жолдарға көктайғаққа қарсы 611 тонна материалдар себілді. Қазір жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Ведомствоның түсіндіруінше, қарды тазалауға 548 техника, 202 үгіткіш және 361 жол жұмысшысы шыққан. Таңертеңнен бастап 611 арнайы техника, 205 құм себуші және 1665 жол жұмысшылары тартылды.

Аудан әкімдіктерінде және мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, қалада аралас жауын-шашын күтіледі және күннің екінші жартысында аяқталады. Бүгін күндіз ауа температурасы 0...+2°C болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ орын алады.

Бұған дейін Алматы мен еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік