Көкжайлауды Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару: комиссия шешімді заңды деп таныды

Фото: Zakon.kz
Комиссия мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Көкжайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық паркіне беру туралы шешімді заңды деп таныды. Бұл туралы Іле-Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылдың қазан айында Көкжайлау шатқалында орналасқан 1002,0 гектар жер учаскесін, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркіне қайтару мәселесін қарастыру жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қатарына қайтаруды заңды деп тапты. Іле-Алатау ұлттық саябағы

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы қашан дайын болады, ол туралы әлі хабарланған жоқ.

2014 жылы Іле-Алатау ұлттық паркінің жерлері Алматы қаласы Медеу ауданының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылғаны туралы Үкімет қаулысы шықты. Бұл Көкжайлау шатқалындағы тау шаңғысы курортын салу үшін жасалды.

Жұртшылық қарсы болды. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың пікірін ескере отырып, шатқалда курорт салуға тыйым салды.

2020 жылдың қыркүйегінде Көкжайлау аумағындағы жерлерді Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару тәртібін жеңілдету мақсатында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға өзгерістер енгізілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек