Бойжеткен өзін еркек деп таныстырып, азаматтарды алдаған

Сурет: Zakon.kz
Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Белгілі болғандай, бұған дейін оның заңмен еш қиындығы болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше Алматыда бойжеткен өзін еркек деп таныстырып, азаматтарды алдаған.

Осылайша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 25 жастағы Б.есімді азаматша тұтқындалды.

Тергеу барысында ерлер киімін киген бойжеткен өзін Асан деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Жоғары оқу орындарына түсуге грант алуға және қолжетімді баспананы рәсімдеуге көмектесуге уәде берген, сол үшін төлем алып отырған. Сыйақы мөлшері көрсетілген “қызметке” байланысты болды, орташа есеппен 90-нан 800 мың теңгеге дейін. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков

Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Белгілі болғандай, бұған дейін оның заңмен еш қиындығы болмаған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды