Екібастұздық «Маугли» балалардың жағдайы қалай?

Сурет: Instagram/ poiskoviki_pvl_vita
Төрт бала облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде емделуде, деп хабарлайды Zakon.kz

Pavlodarnews.kz басылымы таратқан ақпаратына сай, балаларға пневмония, COVID-19 және рахит диагнозы қойылған. Олардың жағдайы тұрақты, оңалып келе жатқаны байқалады.

Бүлдіршіндердің ішектерінің жұмысын «бұзбау» үшін диетолог пен гастроэнтеролог тамақтану процесін бақылайды.

Бұл балаларға коронавирус бойынша карантин аяқталғаннан кейін толық тексеру жүргізіледі, – деді ведомство басшысының орынбасары Гүлнара Боратаева. Әзірге дәрігерлер ковидтік стационар жағдайында қолдан келгеннің бәрін жасауда. Олардың төртеуі де жүрек ультрадыбысынан өтті, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Балалар бір палатада, анасымен бірге ем алуда.

Екібастұзда тұратын көпбалалы отбасының ауыр жағдайы туралы «Vita» қайырымдылық ұйымының еріктілері айтып берген болатын. Тазаланбаған пәтерде 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт бала болған. Олар өздігінен қозғала алмайды.

Бұған қоса, үш күн бойы тамақтанбаған, өйткені үйлерінде тамақ болмаған.

Балалардың әкесі «Богатырь Көмір» ЖШС мердігерлік ұйымында жұмыс істейтіні белгілі.

Екібастұздың білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының мамандары өз есебінен шұғыл түрде азық-түлік пен сабын-жуу құралдарын сатып алды. Балаларды жуындырып, таза киім кигізді. Еріктілер азық-түлік пен киім-кешек әкелді. Балалар анасымен бірге Екібастұз қалалық ауруханасына, содан кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Медициналық тексеруден және қорытынды алғаннан кейін мәселе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады.
Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты