Көлік полицейлері елордаға героин жеткізу арнасының жолын кесті

Сурет: polisia.kz
Көлік полициясының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласында героин таратумен айналысқан тұрақты қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше, көлік полицейлері елордаға героин жеткізу арнасының жолын кесті.

Көлік полициясының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласында героин таратумен айналысқан тұрақты қылмыстық топты жойды.

Осылайша, жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша 5 есірткі сатушы – Нұр-Сұлтан қаласының 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғалды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды.

Алынған героиннің жалпы салмағы шамамен 140 граммды құрады.

Айта кету керек, бұл ауыр есірткінің аса ірі салмағы 1 граммнан басталады, оның заңсыз айналымы үшін мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Героин – ауыр түрлерге жатады, апиын көкнәрінен алынатын күшті есірткі болып табылады, оны шамадан тыс қолдану салдарынан әлемде жыл сайын 100 мыңға дейін есірткіге тәуелді адамдар қайтыс болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді