Елімізде бір тәулікте қар құрсауынан 259 адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz.
Елімізде тәулік ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 259 адамды, оның ішінде 30 баланы, 21 техниканы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазір жылу пункттерінде 139 адам бар, оның 14-і балалар. Ал бақылау бекеттерінде 664 техника, оның ішінде 346 жеңіл және 318 жүк көлігі тұр.

Кеше еліміздің бақылау-өткізу бекеттерінде 1400-ге жуық техника жинақталған.

Құтқару жұмыстарына, жолдарды тазалауға 232 адам мен 134 бірлік жұмылдырылған. Барлығы төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол тазалаушы қызметтерінің техникасы.

Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және 42 облыстық маңызы бар жолдардың 24 учаскесі жабылды.

Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында республикалық және аумақтық жедел штабтар құрылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауылдан шығарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады! Ұзақ сапарға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, көліктің техникалық жай-күйі жақсы жағдайда екеніне көз жеткізіп, экстремалды жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. «Дармен» мобильді қосымшасы жолдардың жабылуы мен дауылды ескертулерден хабардар болуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жедел құтқару нөмірі 112. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!