Қарағандыда жалған валюта айырбастаған алаяқ ұсталды

Сурет: zakon.kz
5 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленуші әйел теңгені шетел валютасына айырбастауды жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Polisia.kz айтуынша, ақша айырбастау пунктіне барған кезде, ол жерде 100 АҚШ доллары ұстаған бір қызды кездестірген. Бейтаныс бойжеткен валюта алмасуды ұсынып, оған 49 800 теңге береді. Көп ұзамай валютаның жалған екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 ақпанда “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 17 жастағы қызды анықтап, ұстады.

Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты