Қызылорда базарында ер адам өз-өзін өртемек болды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда базарларының бірінде кептірілген жеміс сатумен айналысқан ер адам сауда орны үшін үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған деп хабарлайды Zakon.kz

turkystan.kz таратқан ақпаратқа сай, куәгерлер бұл оқиға туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазған.

«Дау-дамай базардағы орын үшін басталды. Ер адам біздің көзімізше үстіне бензин құйып жіберді. Сосын оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.

Қалалық Полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады.

«Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол кептірілген жеміс сатумен айналысады. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті