Елімізде дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар аудандарда бұрқасын, тұман және жел күшейеді

Сурет: Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады – бұрқасын, тұман, жел күшейетінің ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында синоптиктер аздаған қарлы боран соғады деп болжап отыр. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аймақтарда 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында – көктайғақ. Ақтауда күндіз көктайғақ болады.

Солтүстік-батыста, Ақтөбе облысының орталығында – тұман. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыс орталығында 15 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.

Бұған дейін синоптиктер 18 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті