«Қажылыққа апарамын»: Шымкент тұрғыны танысын 700 мың теңгеге алдап кеткен

Сурет: polisia.kz
Бұл қызметіне сыйақы ретінде 700 мың теңге сұрап, есепшотына аудартып алған. Арада уақыт өте әлгі танысы телефон қоңырауларына жауап бермеген, ақшасын қайтармаған, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы қажылық сапарға алып барамын деп сендірген.

Алайда бұл қызметіне сыйақы ретінде 700 мың теңге сұрап, есепшотына аудартып алған. Арада уақыт өте әлгі танысы телефон қоңырауларына жауап бермеген, ақшасын қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізілген. Нәтижесінде, 26 жастағы жергілікті тұрғын қала аумағынан ұсталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Тергеу жұмыстары барысында анықталғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы