Әжелердің құлағынан сырғаларын жұлып алған ер адам ұсталды

Сурет: pixabay
Алматыда әжелердің құлағынан сырғаларын жұлып алған ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы қарақшы өтіп бара жатқандардан ұялмай, әжелерге шабуыл жасаған.

Кей жағдайда оның іс-әрекетін бейнебақылау камералары түсіріп алған.

Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған азамат әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.

Ол бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тергеушілер оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы