Қаңтардағы дүрбелеңде қаза тапқан офицердің сәбиі дүниеге келді

Сурет: Instagram/zhazirabegaly_tv
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан аға офицер Жандос Жағалбаевтың әулеті марқұмның қырқын берді. Қайғыдан қан жұтқан анасы жалғыз ұлының мерт болғанына сенбейді, деп хабарлайды Zakon.kz

27 жастағы Жандостың артында күні кеше дүниеге келген қызы мен 8 ай бұрын ғана отасқан жары қалды, деп жазады Almaty.tv.

Сурет: gov.kz

Бауыр еті баласынан айырылған ананың қаза тапқан жалғыз ұлын еске алып, жоқтау айтқаннан басқа амалы жоқ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға офицері Жандос Жағалбаев қаңтардың 6-ы оққа ұшып, мерт болған. Анасы соңғы рет телефон арқылы тілдескен. Кейін, 7 қаңтарда ұлының мерт болғаны туралы суық хабарды естіген.

«Әлі де сене алмаймыз. Келетін сияқты. Тосамыз. Баламыз қаза болғаннан кейін, тура 40 күн өткенде, кішкентай нәрестеміз дүниеге келді. 16 ақпанда Жандосқызы Рәбиға дүниеге келді», - дейді Ж. Жағалбаевтың анасы Маржан Жағалбаева.

27 жасында мерт болған Жандос тұңғышының дүниеге келуін асыға күтіпті. Жекеменшік пәтер алып, қызының өз үйінде өскенін армандаған. Алайда сол мақсатына жете алмай кетті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды