Қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz
Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. В. есімді азаматша “қарақшылық” бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz берген мәліметке сай, Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішіне тамақ үлдіріне (пищевая пленка) орап, мұқият жасырылған шағын ұялы телефонды және 2 sim-картаны тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. В. есімді азаматша “қарақшылық” бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған.

Азаматша Е. В. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791, 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті