Желіде «Дикий Арманмен» жаңа видео пайда болды

Сурет: скриншот
Әлеуметтік желіде криминал әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын ер адам бар видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы қонақүйдің бірінің фойесінде түсірілген деген болжам бар.

Кадрларда Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын азамат белгісіз ер адамның басына тапанша тақайды. Аз-кем әңгімеден соң, екеуін қоршап тұрған бірнеше жігіт ер адамды тізерлетіп отырғызады. Артынша ұрып соғып, жерге жатқызады.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда «Дикий Арман» есімді криминалдық топтың жетекшісі ұсталған болатын. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жұмагелдиевпен бірге оның тобының бес мүшесі де ұсталғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Дикий Арман» Қазақстанға өткен жылдың желтоқсан айында шетелден келіп, 5-6 қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Алматыда болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды