Алаяқ тұрғынның атынан үш тауарлық несие рәсімдеген

Сурет: pixabay
Қарағанды ​​облысында алаяқ тұрғынның атынан үш тауарлық несие рәсімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz берген мәліметке сай, өткен жылдың 10 желтоқсанында Қаражал қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Арызданушы ер адам интернет арқылы белгісіз біреудің оның атына 1 млн 250 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдегенін айтты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 16 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – облыстың ауылдық округтерінің бірінің 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті кінәсін мойындады. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі