«Қажылыққа апарамын»: Сарыағашта турагент танысын 900 мың теңгеге алдап кетті

Сурет: pixabay
Сарыағаш тұрғыны туристік компанияда жұмыс істеймін деп танысын 900 мың теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz берген мәліметке сай, Сарыағаш АПБ-ға Қызылорда облысының тұрғыны келіп арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы өткен жылдың желтоқсан айында туристік компанияда істейтінін айтып, Меккеге қажылыққа алып баруға уәде беріп, 900 мың теңгесін алған.

Осылайша танысының ақшасын алып, не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіге түрлі сылтаулар айтып, әбігерге салған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің жүргізген жедел шараларының нәтижесінде, алаяқтық жайтына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен жергілікті әйел ұсталды.

Тексеру барысында әйелдің ешқандай туристік компанияда жұмыс істемейтіні анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тексеру барысында анықталатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі