Алматыдағы үйдің жертөлесінде ірі есірткі зертханасы анықталды

Сурет: Zakon.kz
Алматының Қалқаман ықшамауданында жеке тұрғын үйдің жертөлесінде синтетикалық есірткі шығаратын цех жұмыс істеген. Қалалық полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, үй ер адамға 2021 жылдың қазан айында жалға берілген.

Ведомствода атап өткендей, тінту кезінде ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, сұйықтықтары бар колбалар, электронды таразылар және басқа да керек-жарақтар алынды.

23 жастағы толық емес медициналық білімі бар азамат дәрі-дәрмек шығаруды жолға қойған. Есірткі зертханасында бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр «заттың» салмағы шамамен 160 грамм, ақ - 500 грамм тартады. Бұл дайын өнім, оны дозаларға бөліп, тек орау керек болған. Жертөледен табылған заттардың барлығы – сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде – сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды