1 млн салымшы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдаланды

2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 867 853 өтінішін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,7 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,1 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,7%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,4%), Маңғыстау облысының (11,6%) тұрғындары тарапынан жолданған.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,1%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,5%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,3%), «Altyn Bank» АҚ (0,05%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,03%) арқылы берілді.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Бұған тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысына салымды толықтыру жатпайды. Бұл жағдайда алушы Отбасы банкіне біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 3 жыл ішінде береді.

Басқа уәкілетті операторлар (екінші деңгейдегі банктер) бойынша біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініштер және алушының мақсаттары бойынша құжаттары Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіп пен мерзімге сай қаралады.

Бұл ретте, банк біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары өтініш берушінің (алушының) арнайы шоттарына есептелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олардың нысаналы мақсаты бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударады. Уәкілетті операторға растаушы құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Алушы, сонымен қатар көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, аударылған соманы уәкілетті операторға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкілетті оператор қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 379,9 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

БЖЗҚ емделуге берілген 176,4 млрд теңгеге 198 657 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңге. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 19,9 млрд теңге қайтарылды. Аталған қаражат өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: