30 адам қаза тапты: Пәкістанда ер адам мешітте өз-өзін жарып жіберген

Сурет: Zakon.kz
Пәкістан мешітінде жұма намазы кезінде ер адам өзін-өзі жарып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті полиция жарылыстың Пәкістандағы Пешавар қаласында болғанын мәлімдеді. Жарылысты лаңкес ұйымдастырған.

Жарақат алған адам жергілікті ауруханаға жеткізілді. Құтқарушыларға жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр. Аурухана өкілдері 10 адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Кей ақпарат көздерінде лаңкестің жалғыз әрекет етпегені айтылған.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан құтқару қызметіне толыққанды көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Пәкістанда 2016 жылы болған еді. Жұма намаз кезінде лаңкес өз-өзін жарып, 16 адам қаза тапқан болатын. Тағы 20-дан аса адам түрлі жарақат алған.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады