Павлодарлық футболшылар тарихи жетістікке жетті

Сурет: pixabay
«Ақсу» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы тұңғыш матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, кездесу Атырауда қарлы боран жағдайында өтті. «Атырау» матч басында басымдыққа ие болғанымен, бірте-бірте «Ақсу» ойнын түзете бастады.

Тіпті екінші таймда «Ақсу» жеңіске жететіндей мүмкіндікке ие болды. Айбол Әбікеннің айып соққысынан тепкен добын «Атырау» қақпашысы қайтарғанымен, ала доп «Ақсу» шабуылшысы Сергей Хижниченкоға қарай домалап кетті. Өкінішке орай, шабуылшы екі метр қашықтықтан допты қақпаға бағыттауға шамасы жетпеді.

Соңғы секундтарда «Ақсудың» есеп ашатын тағы бір мүмкіндігі болды. Алайда алаң қожайындарының қақпашысы иелігін қорғап қалды. Қорытынды есеп 0:0. Осылайша «Ақсу» ҚПЛ-дағы тұңғыш ұпайына ие болды.

ҚПЛ-дағы алғашқы матч. Жігіттер қолайсыз ауа райына қарамастан мазмұнды ойын өрнегін көрсетті. Жерлестерімізге табыс тілеймін, - деді Instagram парақшасында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Келесі матчты «Ақсу» өз алаңында 10 наурызда өткізеді. Қарсылас – «Астана».

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады