Ақтөбе облысында ауыл көшелерін су басты

Сурет: pixabay
Көптоғай ауылына су жайылды. Күн күрт жылынып, артынша жауын селдеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабар 24 телеарнасының таратқан ақпаратына сай, бұл - Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты елді мекен. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлайды.

Себебі жергілікті тұрғындар өз күштерімен ауыл іргесіне келген суды өзенге қарай бұрған. Жалпы, бұған ауыл жұрты қамығып отырған жоқ. Қайта қуанышты. Өйткені соңғы он жылда жақын маңдағы көлдер әбден тартылып, табаны кеуіп қалған. Халық биыл қар қалың түсті әрі жердің тоңы тоғандардың толуына сеп болады деп үміттеніп отыр.

Жергілікті атқарушы органдар барып, жолды кеңейту үшін жолды ашқан. Ашқан бойда судың деңгейі түскен. Толығымен сол су ашқан жермен өтіп шықты. Енді басына біздің қызметкерлер барды. Елді мекеннің тұрғындарына төнген қауіп жоқ. Судың барлығы екі көшенің бойымен ағып кетті өз бағытына. Құмар Тұрмағамбетов, облыстық ТЖД басқарма басшысы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды