Шымбұлақта көз жұмған азамат тыйым салынған аумақта сырғанаған

Сурет: zakon.kz
Курорт әкімшілігі қайтыс болған азаматтың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымбұлақта қар көшкінінен 1 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңертең сағат 11.00 шамасында Комби-2 аумағында болған, деп жазады Almaty.tv.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 47 жастағы ер адамды әуелі курорт құтқарушылары тауып, бірден медпунктке жеткізген. Азамат сол жерде жан тапсырыпты. Анықталғандай, оның экстремалды спортпен айналысатыны және тыйым салынған аумақта сырғанағаны белгілі болды.

«Қазір Комби-2 қанатты жолы жұмысын тоқтатты. Қар көшкіні жүру қаупі бар екені хабарландырылған болатын. Хабарландару СМС арқылы және БАҚ-қа ақпар жіберу арқылы хабарландыру жүргізілген еді», - деді қалалық ТЖД дағдарыс жағдайларын басқару басқармасының басшысы Бағдат Шайзада.

Курорт әкімшілігі қайғылы жағдайға байланысты қайтыс болған азаматтың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды