Нұр-Сұлтанның екі тұрғынын түлкі қауып алды

Сурет: pixabay
Астаналық екі келіншек түлкі қауып алған соң дәрігерлерге жүгінген. М9ндай мәліметті елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, 8 наурыз күні түсте «Керуен сити» сауда үйінің аумағында әйелдің бірін түлкі жіліншігінен қауып алған.

Сол күні екінші тұрғынды «Думан» қонақүйінің жағындағы аялдамадан орталық саябаққа қарай келе жатқанда түлкі қауып алған. Жануар тұрғынның аяғын тістеп алған. Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, травматология бөлімшелеріндегі әйелдерге көмек көрсетіліп, аралас ем жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды жабайы және қаңғыбас жануарлардан аулақ болуға шақырады.

Сондай-ақ, департамент жануар тістеп алған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес берді:

  1. Тістеген жерді сабынды немесе сілтілі ерітіндімен көп мөлшерде жуыңыз;

  2. Бірден қаланың жедел жәрдем бөлімшелеріне бару қажет (құтырмаға қарсы егулер тегін);

  3. Вакцинация курсын үзбеңіз және бекітілген схемаға сәйкес барлық қажетті екпелерді толық көлемде және уақтылы алыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды