Қостанай облысында мал ауруы асқынып тұр

Сурет: pixabay
Қостанай облысында мал ауруы асқынып тұр. Оның не індет екені әзірге белгісіз. Тұрғындар мен мамандар белгілеріне қарап аусылға ұқсатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан телеарнасының мәліметінше, ауырған малдың сілекейі шұбырып, аузының іші ойылып, жем-шөбін жей алмай қалған. Ең бастысы жұқпалы екендігі анық.

Індеттің белгілері қазан айында байқалған, содан бері оның нақты диагнозы қойылмады. Облыстағы ветеринарлар ауру малдардан сынама алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы сараптама орталығына жіберген.

Арада ек ай өтсе де әлі оның қортындысы жоқ. Әзірге індеттен төрт түліктің өлгендігі туралы ресми мәлімет тіркелмеген.

Аурудың түрі анықталмаса да Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанайда аусылға қарсы вакциналау жүргізу туралы шешім қабылдаған.

Бірақ екпе әлі жеткізілмеген.

Бұл малдар емге көніп жатыр. Керекті дәрісін берген соң 3-4 күнде жазылып жатыр. Біз вакцина келуін күтіп отырмыз. Есебіміз бойынша 2 млн 800 мың доза қажет. Бұл вакцина сиыр, қой-ешкі, шошқаға егіледі. Бауыржан Бекет, Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді