Қазақстан Түркиямен білім беру саласында тәжірибе алмасып, бағдарламалармен бөліседі

Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасында білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімнің мақсаты теңдік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген мемлекеттердің ұлттық заңнамалары мен халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкес білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Құжат келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты көздейді:

  1. Білім беру саласында тәжірибе алмасу, білім беру бағдарламаларын, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ақпарат және ғылыми басылымдар алмасуды ынталандыру.

  2. Зерттеушілермен, сарапшылармен, оқытушылармен, білім беру ұйымдарының басшыларымен және студенттермен алмасуды ынталандыру.

  3. Білім беру саласындағы басшылардың, мұғалімдердің және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру.

  4. Оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу және жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу.

  5. Білім беруде жаңа технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасу.

  6. Жалпы білім беру жүйесін өлшеу және бағалау жүйелері бойынша өзара ақпарат және тәжірибе алмасу.

  7. Оқушылардың өзара негізде ғылыми және мәдени олимпиадаларға қатысуын ынталандыру.

  8. Семинарлар, көрмелер, конференциялар, ғылыми зерттеулер сияқты іс-шараларға өзара қатысуды ынталандыру.

  9. Бірлескен бағдарламалар, серіктестіктер /бауырлас білім беру ұйымдары/ және студенттердің іс-әрекеті бойынша білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

  10. Жастар саясаты және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Сонымен қатар, тараптардың өзара келісім негізінде бір-бірінің елдерінде оқу орындарын ашуы қарастырылған.

Және де:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды